Қапшағай қаласының оқушылары бір күнін десанттық-шабуылдау бригадасында өткізді

Әскери бөлімнің басшылығы және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс істеу қызметі Қапшағай қаласындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары мен көпсалалы колледждің студенттеріне экскурсия ұйымдастырды.  


«Ашық есік күні» әскери-патриоттық акциясы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің беделін арттыру және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Десантшылар қазіргі заманғы қару-жарақ пен киім-кешек үлгілерін, казармаларды, асханаларды, оқу сыныптары мен спорттық бұрыштарды көрсетті. Әскери қызметшілер оқушыларға десанттық-шабуылдау бригадасының жауынгерлік дәстүрлері мен жеткен жетістіктері туралы әңгімелеп берді.
Жасөспірімдерге әсіресе, десантшылардың әуе-десант кешеніндегі көрнекі сабақтары және кедергілер жолағынан өтуі ерекше әсер етті.
– Әскери қалашыққа жақын тұрып, әрдайым әскери киімдегі адамдарды көріп жүрсек те, әскери бөлімнің ішіне кіру мүмкіндігі сирек кездеседі. Бүгін біз армия өмірінен көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білдік. Көп ұзамай біз де Отан қорғаушылар қатарын толықтыратын боламыз, – деп көпсалалы колледждің студенті Алексей Селвич алған әсерін бөлісті.
Экскурсия барысында Қапшағай қаласының балалар шығармашылығы орталығында оқып жатқан әскери қызметшілердің балалары салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Оқушыларға осындай форматта армия өмірімен танысу ұнады және биылғы жыл Қазақстандағы балалар жылы болғандықтан бұндай шаралар кешенінің өтуі маңызды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"