Қаңтар оқиғалары салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілер «Ел қорғаны» медальдарымен марапатталды

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Алматы гарнизонына жасаған жұмыс сапары барысында Әскери клиникалық госпитальге барып, қаңтар оқиғаларының салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілерге кіріп шықты.

Әскери қызметшілердің бәрі толық тексеріліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жарақаттанғандардың көпшілігі сауығып, қатарға қосылды.
Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов стационарда емделіп жатқан әскери қызметшілердің хал-жағдайын сұрады. Министр қаңтар айындағы оқиғалар барысында мертіккен әскери қызметшілер Қарулы Күштер қатарынан шығарылмай, қызметін жалғастыратынына кепілдік берді.
Қорғаныс министрі ел игілігі жолындағы лайықты қызметі үшін алғыс білдіріп, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері подполковник Хакім Ізбәкиевке, аға лейтенант Сүннат Қалжігітке, сержанттар Ербол Кендірбаев пен Шалқар Қылышовқа, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары Рамиль Тұрғанға және Омар Әлиевке, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Мейіржан Бимырзаға «Ел қорғаны» медальдарын табыс етті.

Қорғаныс ведомствосының басшысы сондай-ақ, госпитальдің материалдық-техникалық базасымен танысты. Қорғаныс министрі әскери медицина саласында және медицина мамандарын даярлау мақсатында озық тәжірибе алмасып, шетелдік оқу орындарымен өзара қарым-қатынасты жолға қою қажеттігін атап өтті.
Алматыдағы әскери клиникалық госпиталь – 80 жылдан аса тарихы бар, ірі көпсалалы емдеу мекемесі. Бұл жерде заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған 17 емдеу бөлімшесі жұмыс істейді. Медициналық мекемеде емдеу және диагностикалық іс-шаралар айтарлықтай ауқымды іске асырылады. Одан өзге де, госпиталь әскери медицина орталығы мен Алматы қаласының медициналық жоғары оқу орындарының тыңдаушылары үшін оқу базасы болып табылады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"