Психологиялық тренингтер өткізіліп тұрады

Ұстамдылық пен төзімділікті сақтау,  командада бір бірлік ретінде жұмыс істеу мүмкіндігін жоғарылату үшін, сондай-ақ әскери қызметшілердің  оңтайлы рухын сақтап қалу мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 10810 әскери бөлімінің психологтары тұрақты негізде мерзімді әскери қызметін өткеріп жатқан сарбаздармен психологиялық жаттығулар өткізіп тұрады.

Ең аз шығынмен жауынгерлік миссияны тиімді орындау әскерлердің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі жауынгерлік белсенділік үлкен физикалық және психикалық стресстермен байланысты.

Психологиялық тұрақтылық пен жауынгерлердің жауынгерлік белсенділігін қамтамасыз ету – жеке құраммен жұмыс істеу кезінде психологтың негізгі міндеттерінің бірі. Мұндай жұмыстың бір түрі психологиялық тренинг. Осындай тренингтер өткізгеннен кейін, сарбаздардың эмоционалдық, моральдық және психологиялық күйі жақсарып, әскери қызметке жылдам бейімделуіне ықпал етеді.

    Алуа ИСКАКОВА                                    

Суреттерді түсірген автор

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"