Практикалық ату бойынша дайындық сабақтары

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері әскери институтын тәмамдаған жас лейтенанттармен «Гвардейск» гарнизонында оқу әдістемелік жиын өтуде

Жиында өткізілетін сабақтар жас офицерлердің мамандықтарына сәйкес бірнеше топқа бөлініп оқытылуда. Практикалық ату дайындық сабақтарында мамандықтарына қарай іріктеліп, өздеріне тиісті қарудан ату жаттығуларды орындайды.

Оқу-әдістемелік жиын барысында «Мәтібұлақ» полигонында жас офицерлерге атыс қаруынан 1-ші оқу ату жаттығуы мен 4-ші бақылау ату жаттығуы, сондай-ақ, жаяу ұрыс машинасы мен танк қару-жарақтарынан бақылау ату жаттығулары ұйымдастырылып өткізілді. Жас офицерлер практикалық дайындық сабақтарында жақсы нәтижелер көрсетіп, өздерінің кәсіби дағдыларын арттырды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Даурен Хамитов пен тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков сабақ барысын жіті қадағалап, сапалы өтуіне назар аударды.

«Ату дайындық сабақтары барысында жақсы нәтижеге қол жеткізгендер қатарында лейтенант Ғабит Сағитов болды. Ол атыс қаруынан 4-ші бақылау ату жаттығуын орындау барысында жоғары ұпай жинап, танк қару-жарағынан бақылау ату жаттығуында да мүдірмеді», - дейді «Гвардейск» гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"