Патриоттық жиын өтеді

Бүгін елордамыз Астанадағы ҚР ҚМ ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Бүгінгі патриот – ертеңгі ел қорғаны» деген тақырыпта келелі кездесу өтеді.

Бұл кездесудің негізгі мақсаты – Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының мақсаты мен міндеттерін жастарға терең түсіндіру, сол арқылы олардың бойына қазақстандық патриотизм сезімін ұялату болып табылады.

 Жиынға Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық және жастар ұйымдарының басшылары қатысады. Ел жастарын Отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде аса маңызға ие аталмыш кездесу жайында газетіміздің келесі санында кеңірек мағлұмат беретін боламыз
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"