Парашюттен секірулер ұйымдастырылды

ҚР ҚМ «ҚР ҚК парашютті (парашютті-десанттық) дайындықтың ережелерін бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес, оқу-жауынгерлік дайындығының жоспары бойынша 54835 әскери бөлімінің ұшу құрамы мен құтқару парашютті-десанттық тобының жеке құрамының қатысуымен парашюттен секірулер ұйымдастырылды.

Парашюттен секірулер ескертусіз жүзеге асырылды. Бөлімнің ұшу құрамы мен құтқару парашютті-десанттық тобының жеке құрамы іздестіру-құтқару жағдайында ұшу дайындығының міндеттерін орындауға әзір екендіктерін байқатты. Әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметінің жеке құрамы парашюттік секірулерді ұйымдастыру мен өткізу білім мен біліктілікті, тәртіп пен жоғары деңгейдегі жауынгерлік даярлықты талап ететін процесс екенін дәлелдеді. Әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару және парашютті-десанттық қызмет бастығы подполковник Е.Абдыков, 54835 әскери бөлімінің іздестіру-құтқару және парашютті-десанттық қызмет бастығы майор А.Мұханов, парашютті-десанттық дайындықтың нұсқаушылары майор А.Маркин, майор А.Байтұрғанов, аға сержант А.Мұхамбетов, аға сержант Ж.Битанов парашюттен секірудің жақсы тәжірибесін көрсете білді.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"