Пікірлер тоғысы: Тәуелсіз елім менің

Пікірлер тоғысы: Тәуелсіз елім менің

  Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Заң – еліміздің егемендігін қамтамасыз еткен маңызды құжат болды. Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып , ұлттық салт-дәстүріміз жанданды.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздіктің құны ешбір нәрсемен өлшенбейді. Біздің тегіміз – Тәуелсіздік, санамыз, рухы¬мыз – Тәуелсіздік.

   Әділет полковнигі Серік ТӨРЕХАНОВ, Шығыс аймағының

әскери прокуроры:

–       «Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығы – барша қазақстандықтар үшін ең басты, әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді. Тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды. Толағай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.

   2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп, «Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды. Ал, 2015 жылы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау сөзінде: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды» дей келе, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, биыл Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына да 25 жыл толды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» тарихи Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі күні 29 тамыз – ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары да қабылданды. Әрбір іс-шара елді бірлікке, ынтымаққа, келешекке деген нық сенімді қалыптастыруға шақырса, ол халықтың көңілінен шығатыны сөзсіз. Олай болса мәні зор іс-шараларымыз игілікті, мерейтойларымыз мәртебелі болғай!       

   Полковник Бекжан ЖАҚЫПОВ, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы:

–       «Сонау қазақ хандығы құрылғаннан бастап бабаларымыздың аңсағаны, көксегені – егемендік болатын. Кеңес одағы ыдырап, одақтас мемлекеттердің бөлінуі кезінде Қазақстан өзгелерге үлгі бола білді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін-ақ, қайсарлығын танытқан қазақ халқының қахарынан кеңес үкіметі именді. Ең алдымен бабаларымыздың маңдай терімен, білек күшімен келген аманат – кең байтақ жеріне қада қағылып, шекарамыз белгіленді. Мемлекет аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде қорғайтын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі етіп армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың тағайындалуы өте дұрыс шешім болды. Олай дейтінім, өтпелі кезеңнің қиыншылықтары қазақстандық әскерге кері әсерін тигізбей қоймады. Қалт- құлт етіп жаңа аяқтанған мемлекеттің армиясы үшін кадр мәселесі аса тапшы болды. Әскери құралдар мен жауынгерлік техникаларды меңгеретін әскери қызметшілер, мамандар жоқтың қасы еді. Әрі әскерден қашу, әлімжеттілік, қару алып қашу, қызметтік міндеттерін асыра пайдалану секілді әскери қылмыс түрлері де күнделікті кездесті. Әскери ортадағы құқық бұзушылық пен қылмысты оқиғалардың азаюына әскери полиция алғаш құрылған күннен бастап қомақты үлесін қосты. Бұл Қорғаныс министрлігі мекемелері мен әскери құрылымдардың тәрбие ісі жөніндегі бөлімдерімен бірігіп атқарған жұмыстың нақты нәтижесін білдірсе керек. Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Армиясының қатарына командир ретінде шақырылған алғашқы қазақтардың бірі Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған – құл болмас» деген аталы сөзі әскери полиция қызметшілерінің ұраны іспеттес.  

   Асқарбек ЖҮНІСБЕКОВ, Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы:

–       «Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Ширек ғасыр тарихына көз салсақ, егемендіктің бір белгісі – ҚР әскерлерінің әскери сотының құрылуы. Азаттықтың арқасында әскери трибуналдың құқықтық мәртебесі өзгертіліп, Семей гарнизонының әскери трибуналы Семей гарнизонының әскери соты болып өзгертілді. Бүгінгі күні Семей гарнизонының әскери соты Аягөз, Семей, Павлодар гарнизондарындағы бірінші сатыдағы қылмыстық, азаматтық істерді және басқа да материалдарды қарайды. Сот статистиканы жүргізеді, заңмен көзделген өзге сот өкілеттіктерін де жүзеге асырады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Халқы заңын сыйлайтын, сотына сезетін қоғам – ең дамыған қоғам» деген қанатты сөзін естен шығармауымыз қажет. Ұлт Жоспарын дайындау мен жүзеге асырудың мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға, жоғары деңгейде өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталғанын айқын аңғартады. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа