«Отар» әскери базасында сержанттардың бүкілармиялық байқауы аяқталды

«Отар» әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштері сержанттарының бүкілармиялық байқауы аяқталды. Әртүрлі әскери бөлімдер мен  еліміздің өңірлерінің келісімшарт бойынша 80-ге жуық әскери қызметшісі өздерінің кәсіпқойлықтары мен жауынгерлік даярлықтарын дәлелдеді. Алайда, мықтылар ғана жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кәсіби сержанттар корпусы Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен ҚР ҚМ Кадет корпусын құру сәтінен бастау алды. Қазіргі уақытта дәл осындай оқу орны кеңестік дәуірде одақтас болған мемлекеттердің ішінде біздің елде ғана бар екенін атап өтуге болады. Бүгінгі күні Қарулы Күштерде жоғары интеллектуальды мүмкіндігімен ерекшеленетін жаңа кәсіби сержанттардың генерациясы қалыптасты. Сайысты іс жүзінде өткізу сержанттардың жан-жақты дамуы мен кәсіби шеберлігін көрсетті.

Кезең барысында қатысушылар атыс, дене, әскери-медициналық дайындық, әскери топография және қоян-қолтық ұрыс бойынша нормативтерді орындады. Байқау келесі алты санат бойынша өткізілді: «Үздік өңірлік қолбасшылық (әскер тектері, Қарулы Күштер бас басқармасының) сержанты»; «Үздік бригада (база) сержанты»; «Үздік батальон (дивизион) сержанты»; «Үздік рота (батарея) сержанты»; «Үздік взвод сержанты»; Үздік бөлімше (танк, әскери машина, есеп-топ, қондырғы) командирі».  «Жыл сайын біз нормативтерімізді шыңдап, сайысымызды жақсартуға тиіспіз. Бұл арқылы сержанттар корпусы дамитын болады. Сарбаздарымыз, бағыныстыларымыз бізге мақтанышпен қарап, «Сержантымыз, командиріміз өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды» деп айтатын болады, - деді байқауға қатысушы «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшісі сержант Қанат Қанатбаев.  «Қорғаныс министрі мен Бас штабтың бастығы сержанттардың дайын болып, «мен сияқты жаса, менен жақсырақ жаса»  жеке үлгі көрсетуде өздерінің жеке құрамын алып жүруіне ерекше назар аударады.  Конкурс бізге сержанттар қандай деңгейде дайындалғанын, біздегі дайындықта қандай кемшіліктер бар екенін талдауын береді. Байқаудан кейін біз қорытынды жасаймыз», - деп ҚР ҚК бас сержанты – ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов атап өтті.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"