Отанын адал қорғауға ант берді

Ауғанстан соғысында қаза тапқан семейлік жауынгерлерге арналып салынған ескерткіштің алдында Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің 4- курс студенттері Отанын адал қорғауға серт берді.

Айтулы оқиғаның құрметіне орай еліміздің мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалған соң студенттерге ант қабылдау рәсімінің маңыздылығы түсіндірілді. «Әскери ант – сарбаздың ел Президентіне, Қазақстанның көп ұлтты халқына адал болуға беретін серті, Отан қорғаушының ар мен намыс кодексі және әскери қызметтің мемлекеттік мәтіні көрсетілетін ең басты моральдық, әрі саяси акт. Әскери ант – қызметтегі міндеттерді заң жүзінде мінсіз атқаруды талап ететін мемлекеттік құжат» екені баса айтылды. Бұдан кейін оқу жиынынан өткен 54 студент салтанатты түрде ант берді. 

Әскери ант қабылдағандарға университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы Е.Жүнісов, дипломға дейінгі оқыту факультетінің деканы А.Оразалина, запастағы медицина қызметінің полковнигі, екі «Қызыл Жұлдыз» иегері жауынгер-интернационалист Л.Новопашенный, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті әскери кафедрасының бастығы полковник Ә.Сақауов ақ жол тіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"