Отансүйгіштікке баулыды

   Жақында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жобасын насихаттау мақсатында «Bilim - orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығы, «Мемлекет тарихы институты» және «Астана қаласының білім беруді жаңғырту  орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлы даланың даналары» атты республикалық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы қазақ еліне деген құрметін күшейту, ұлттық патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, дарынды озат оқушыларды анықтау.

    Байқау шарты екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар тарихи тұлғаларымыз А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы сынды ақындардың ұлттық мәселелерді арқау еткен поэзиялық шығармаларын жатқа оқыса, екінші кезеңде олардың шығармаларынан сұрақтар қойылды.

                  Аталған байқауға еліміз бойынша жүзден артық мектеп қатысты, соның ішінде генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері 10 «А» сынып ұланы Ақарыс Бекетов және 11 «Ғ» сынып ұланы Диас Қасымжан қатысты. Аталған ұландар екі кезеңнен де өте жақсы көрсеткіштер көрсетіп, Ақарыс Бекетов (жетекшісі Самал Өтешова) І дәрежелі дипломға ие болса, ал Диас Қасымжан (жетекшісі Ақбота Мұқышева) ІІІ дәрежелі дипломға иеленді.

Капитан М. Смағұл

 

Идеология және арнайы насихаттау бойынша офицер


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"