Отанды қорғау – қасиетті борыш

Дәл қазіргі уақыт – әскерге күзгі шақырылымның нақ қызған шағы. Жыл санап Қарулы Күштеріміздің қатары көбейе түсуде. Соған сай сұраныс та артқан. Биылғы маусымда Жамбыл жерінен 1500-ге жуық ұланды әскерге аттандыру көзделуде.

Әскер – елдің басына күн туа қалған жағдайда жүгінер ең маңызды күш. Бүгінгі таңда бейбітшіліктің туы желбіреген мемлекеттердің де әскери күші жағынан бес қаруы сай, төрт құбыласы түгел. Әйткенмен әскер соғысты күтпейді, тыныштықты күзетіп, елдің есендігін тілейді. Ел қорғаны болар жаужүрек батырлар әскер қатарына қосылуы тиіс. Бірақ бүгінде, өкініштісі, мұны борыш құрлы көрмей жүрген жігіттердің қарасы көп. Әскерге бармаудың сан сылтауын тауып, «өтірік» ауру боп шыға салатын жігіттердің әскерге деген махаббаты жоқтығына не дерсіз. «Сарбаз атану – әрбір жігіттің арманына айналуы тиіс. Өйткені, Отанды қорғау – қасиетті борыш. Осы орайда жастарға патриотизмнің құндылығын, адамгершіліктің биіктігін, туған жерді сүюдің киелілігін мейлінше көбірек айтуға тиіспіз»,- дейді Ауған соғысының ардагері Мақсатбек Жолдасбекұлы.

Сондықтан Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының аға буын өкілдері мен тиісті сала мамандары бозбалалармен ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуді жүйелі жолға қойған. Соның жемісті нәтижесі – биылғы маусымда Жуалы жігіттері өте белсенді. Жоспарлы межені асыра орындаймыз деседі. Талап 100 болса, 120-130 азамат әскерге жөнелтілмек. Алдыңғы лек бүгінде Отан қорғап, ақсауыт киіп, сапта жүр. Басым бөлігі шекара қызметінде мемлекет аумағын қалтқысыз күзетпек.

         Жуалы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімше бастығы капитан Азамат Нұрғалиев: «Біздің жігіттеріміздің жігері қуантты. Шындығында, әскер қатарына барғысы келетін жастардың саны жыл санап артып келеді» десе, хирург Қалыбай Байрамовтың айтуынша, қазіргі уақытта шақырту пунктіне өз еркімен келушілердің саны күннен-күнге өсуде. Дей тұрғанмен, бәрін бірдей жарамды, дені сау деп айту қиын. Мамандардың көбіне көз ауруы белең алғанын қынжыла мәлімдеді. Ал әскерде қырағылық басты орынға қойылғаны белгілі.

«Барлық медининалық талаптардан өттім, физикалық дайындығымнан жаман емес секілді. Отан алдындағы борышымды өтеуге баратыныма қуаныштымын. Мұны ер жігіттің алдындағы зор міндеті деп білемін» деп ағынан жарылды әскерге шақырылушы Нұркен Жолшыбек.

Тиісті тексеруден өтіп, арнайы комиссияның мақұлдауымен ұландардың барлығы да әскер сапына бірер күнде аттанбақ. Олар Сарыағаш ауданында 365 күн бойы шекара шебіне тұрып, тыныштықты күзететін болады. Үнемі көш басында жүрген Жуалы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімшенің жетістіктері молайып, еңбек тиісті деңгейде бағалануда. Айта кетейік, қабылдау Президенттік полк, мемлекеттік күзет, қорғаныс саласы, ұлттық ұлан сынды әскер тектеріне де жүргізілуде. Таңдау жігіттердің өз еркінде, тек қабілет жетсе болғаны.              

Асхат РАЙҚҰЛ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"