Отан қорғаушылар күні ерекше мәнге ие

Қазақстан халқы осыдан үш жыл бұрын мемлекеттік мәртебені иеленген Отан қорғаушылар күнін атап өтуді үрдіске айналдырған. Әсіресе, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мерейлі мерекеге арналған іс-шаралар легі толастамауда. Бұл –  осы күннің жалпыхалықтық сипат алып, ерекше мәнге ие болып отырғаның дәлелі.

Балалардың сыйы

 

Кейінгі буын бұл мейрамның мән-мағынасын мектеп қабырғасынан-ақ айырып біледі. Олар жылдағы үрдіспен ерлік сабақтарын өтіп,  мерекелік ертеңгіліктер мен байқауларға, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстарға қатысып келеді. Қатарлас ер балалардың, ағалар мен әкелердің де мерекесі деп таниды. Қашан да бұқаралық шаралардан қалыс қалмайды.

Соның ішінде атаулы күн қарсаңында әскери қызметшілердің  балалары ерекше сый жасады. Олар кешкісін елордадағы сәулетті үйдің бірінде жарықтандырылған әйнек арқылы «7 МАМЫР» деп жазып, керемет құттықтау ұйымдастырды.

Осынау флешмобты өткізу идеясы кенеттен туындады, - дейді ұйымдастырушылар. Біз айрықша құттықтайық деп шештік.  Сол үшін осындай терезелік жарқырату арқылы назарды аудартқымыз келді». Ұйымдастырушылардың пікірінше, акция патриоттық сезімді, серіктік рух пен бірлікті білдіруге ықпал етіп, барша қазақстандықтарды мұндай акцияларды өз үйлерінде өткізуге, терезенің әйнегінде шырақ жағып, Отан қорғаушыларымызға айрықша сыйлық жасауға шақырады.

Студенттердің маршы

 

Сондай-ақ, Отан қорғаушылар күніне орай әскери кафедраның студенттері әскери марш өткізді. Осы арқылы олар жоспарлы оқу бағдарламасын іске асыра отырып, айла-тәсілдер мен іс-қимылдарды жақсы үйреніп алғандығын және көпшілік меймандардың алдында ұштаған білімдерін көрсетті. Бозбалаларға әскери кафедрада оқып жүрген кездерінде қандай жетістіктерге қол жеткізгендерін іс жүзінде осылай көрсетті.

Қарусыз саптық айла-тәсілдер мен АКМ автоматтарымен дефиленің көрсетілуі, таңғы дене шынықтыру мен гимнастикалық қалашықта сабақтардың ұйымдастырылуы қонақтар мен бірінші курс студенттерінің көпшілігінің таңдайын қақтырды.

«Біз дәстүрлі түрде қалыптасқан баяндамалар мен концерттен алшақтап, студенттердің өтініштерін елеп ескере отырып, ашық есік күндері кезінде ағымдағы жылы әскери дайындық бойынша сабақтарда бозбалалардың жинақтаған дағдылары мен шеберліктерін паш етуді жөн көрдік», - деді мереке қарсаңындағы іс-шара жөнінде ұйымдастырушылар. 

 

Жұлдыздар да қалыспады

 

 «Еліміздің қорғаны – ерлер» екені айдан анық. Сондықтан да оларға деген құрметін көрсетіп, ілтипатын білдіргісі келгендердің қатарында еліміздің танымал адамдары мен эстрада жұлдыздары бар. «Жұлдызды грим» акциясының барысында  Майра Ілиясова мен Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева мен Тамара Асар және тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қалыс қалмады. Олар аквагрим бар бейнені жазып, Отан қорғаушыларға деген құттықтаулар жеткізді.  

Аталмыш акцияға қатысам десеңіз, осы мүмкіндікті сіз де жіберіп алмаңыз, оқырман. Ол үшін мерекеге деген ізгі ниетті білдіріп, өз парақшаларыңызда мерекелік аквагрим бар бейне немесе фотоны орналастырып, селфи жасап немесе шағын видео түсіру арқылы құттықтауларыңызды жеткізуге болады..

Міне, ерекше маңызға ие Отан қорғаушылар күні осылай дәріптелуде. Айбыны асқақ, мәртебесі биік Қарулы Күшіміз бар да, оны мақтан етер ертеңгі ұрпақ барын осыдан-ақ сезуге болады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"