Отан қорғау – нағыз ердің парызы

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының 44736 әскери бөлімі жас сарбаздармен толығып, жеке құрам ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2018 жылдың бірінші шақырылымындағы жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салды.

   Қарағанды облысынан іріктеп алынған 20 сарбазды бөлімнің қолбасшылығы мен әскери әйелдер салтанатты түрде қарсы алды. Бөлім командирі полковник Сәбит Үркінбаев жауынгерлердің әрқайсысымен жеке-жеке қол алып амандасып, жас сарбаздар жиынының әкімшілік құрамымен таныстырды. Әскери бөлімнің құрылу тарихы мен бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері жайында қысқаша айтып өтті. Сарбаздардың бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға, әскери ұжымда тәрбие ісін түбегейлі жақсартуға және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған ҚР Президентінің талаптары мен Қорғаныс министрлігі директиваларының орындалу барысына тоқталды. Алда тұрған мақсат-міндеттерді де түсіндірді. Қазақстандық сарбаздың келбетін қалыптастырып, жоғары үлгеріммен және үлгілі тәртіппен ерекшеленуге шақырды. Отан алдындағы әскери борышты өтеуде қиындықты шыдаммен және қайратпен жеңіп, еліміздің тыныштығын күзететін абыройлы азамат атанатынына зор сенім білдірді. Оларға күнделікті хал-жағдайын біліп, әңгімелесу өткізетін әскери қызметші әйелдер бекітілді. Әскери қызметтің түрлері бойынша сабақтар өткізу және бөлім психологының күнделікті әңгімелесулер жүргізу де жоспарланды. Бұдан соң сарбаздар казармаға орналасып, үлес түрлерімен қамтамасыз етілді.

   Бұл күні Ақмола облысынан шақырылған жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салу рәсімі де жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әскери бөлімнің саптық алаңына сап түзеген әскери қызметшілер мемлекеттік әнұранды шырқап, жауынгерлік ту әкелінді. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңымен белгіленген мерзімді өтеп болған жауынгерлерге ізгі тілектер жеткізілді. Отпен қолдау ротасының командирі капитан Ербол Нүсіпбеков, арнайы мақсаттағы реактивті-артиллериялық батареясы командирінің міндетін уақытша атқарушы аға лейтенант Есімхан Жарылқасын, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының тергеу және іздестіру бөлімінің офицері аға лейтенант Нұрболат Еңсебаев, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет атынан сержант Гүлфат Рафикова да сарбаздарды Отан алдындағы борышты өтеу мерзімінің аяқталуымен құттықтады. Мінбеге сарбаздар тарапынан қатардағы Рустам Панасейко мен Азамат Тенелген шығып, қолбасшылыққа алғыстарын арнады.

   Қатардағы жауынгер Азамат ТЕНЕЛГЕН:

Біз үшін бүгін ерекше күн!

Себебі жол жүрем бүгін,

тағы да бүгін жол жүрем.

Үйіме барам жүрегім менің елжіреп,

Анамның жүзі, әкемнің сөзі аңсатты

Ұмытпаймын мен бастан кешірген бұл сәтті.

Ауылға барам, бәрі де туыс жақыным,

Олармен өткен уақытқа жетпес алтыным.

Ер жетті ұлың еліне қорған болатын

Аяқ қолыңды жылы суға салатын.

Жол жүрем бүгін, асыға күттім бұл күнді,

Соңғы рет қонам,

Соңғы рет тағам,

Соңғы рет қадам бүгінгі,

Бар басшыларым естен кетпейді, көңілде

Үйреткен дәріс, қажеттілікті өмірде.

   Соңғы сөзімді «Армия» деген өлеңіммен өрнектегім келеді.

Армия түсіндірді мына маған,

Жандарды сүрінсе де құламаған.

Келгеннен көргенім көп өкінбеймін

Болашағым, күлімдеп қара маған.

Армия! Сен үйреттің бағалауды,

Әр іске ұқыпсыз боп қарамауды.

Өтіріктің тап соңы бір-ақ тұтам

Жаман іске беталды жоламауды.

Армия! Сен үйреттің босамауды,

Арты былық, зиян іс жасамауды.

Еңкейіп, еңбектенсең жеңесің деп

Еңсемді түсіріп те шаршамауды.

Армия! Сен сездірдің жасқанбауды,

Араға қыл өткізбес дос таңдауды.

Бір күндей зымыраған жылдам уақыт

Жел өтінде жақынын тастамауды.

Армия! Сен сыйладың көп достарды,

Шырмауы көп шешімнен шатаспауды.

Түсінгенге бұл да бір тарих жылы

Өмірімнің сатысы көп бастаулы.

Салтанаттың барысында армиялық жекпе-жек ұрысынан әскери қызметшілер арасында өткен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы кубогының чемпиондары аға сержант Д.Дауытханов (90 кг жоғары салмақ дәрежесінде), ефрейтор О.Нұрсилаев (90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), қатардағы Д.Қабыкен (70 кг салмақ дәрежесінде), сержант А.Наметов (60 кг салмақ дәрежесінде), сержант Д.Сұлтанов (65 кг салмақ дәрежесінде), аға лейтенант Д.Кесікбаев (60 кг салмақ дәрежесінде) жеке құрамның алдында құрметке бөленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орын алғаны үшін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағановтың грамотасы табыс етілді.

   «Запасқа шығарылатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді көтермелеу туралы» бөлім командирінің бұйрығы оқылып, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жеткен жетістігі мен үлгілі әскери тәртібі және Отан алдындағы борышын жауапкершілікпен адал орындаған жауынгерлер бөлімнің командирі полковник Сәбит Үркінбаевтың грамотасымен марапатталды. Әскери борышын орындау кезінде ерекше көзге түсіп, әскери қызметтік міндеттерін адал және ынта-жігерімен атқарған қатардағы Нұрқуат Ендіөлмесовке, Рустам Панасейкоға, Аманжол Жанботинге, Абылайхан Ержановқа иесі жазылған қол сағаттары сыйға тартылды. Барлығына әскери қызметтен естелік ретінде диск таратылды. ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген жауынгерлер алдынан бөлімнің жеке құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті.

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"