Отан қорғау – нағыз ердің ісі

Жоғарғы Бас қолбасшы армияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керектігін және қазақстандық әскерилердің бітімгерлік миссияларға қатысуға әзірлігін атаған еді.

Дәл осы бағытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери қызметшілердің бітімгерлік миссияларға қатысуы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырып келеді. Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясының құрамында өздеріне берілген тапсырманы атқарып жүр.

Жуырда Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Есжан Батырбеков келісімшарт бойынша әскери қызметші қатардағы жауынгер Ерік Тұрғынбайға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен тағайындалған «Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін» медалін салтанатты түрде табыс етті. Аталған әскери қызметші «Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштері» миссиясының құрамында бітімгершілік қызметті абыроймен атқарып келген болатын.

Әскери қызметшінің Ливан жеріндегі қызметі жоғары бағаланып, қатардағы жауынгер Ерік Тұрғынбай Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бейбітшілік қызметінде» медалімен марапатталды.

Думан Құрманғалиев
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"