Отан алдындағы борышын өтеді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің жеке құрамы ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2017 жылдың бірінші шақырылымындағы жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салды.

Әскери бөлімнің плацында оқтай тізілген жауынгерлерді бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Василий Подгайченко құттықтады. Бұдан соң ҚР Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салу және қызметтік парызын атқаруда ерекшеленген сарбаздарды марапаттау туралы бұйрық оқылды. Соған сәйкес,мерзімді әскери қызметті атқару барысында қойылған тапсырмаларды дұрыс орындап, сеніп тапсырған әскери техника мен қаруды жетік меңгеріп, әрі қызметтегі жетістіктері мен ынта-жігері, бастамашылдығы мен үлгілі әскери тәртібі үшін қатардағы Әділхан Омаров, Сағидолла Құрманбаев, Жарасбек Тоқпай, Жанат Қабаш, Батарбекті Санай, Егемен Жүсіпов, Беслан Бестиев, Вадим Вязавиков алғыс алды. Аян Амиров, Жасұлан Айтбай, Азамат Меңдыбаев, Жанбол Тоқшалов, Нұрлан Шайхимов, Темірбек Тугаев, Рахат Жакуашев, Диар Жайлыбаев, Илья Гоняйло, Николай Никифоров мадақтама қағазымен марапатталды. Ал, қатардағы Жасұлан Айтбай, Нұрлан Шайхимов, Диар Жайлыбаев және Ойрат Садықов бағалы сыйлық алды. 
   Әскери барлаудың ардагері запастағы полковник Марат Аманов, рота командирі капитан БауыржанТошаев пен сержант Гүлжан Жәшібаева да мінбеге шығып, шынайы тілектерін жеткізді. Салтанат соңында сарбаздарға бір жылдың көлеміндегі әскери іс-шаралар мен оқу-жаттығуларынан естелік ретінде фотоальбом таратылып, естелікке суретке түсті. 

Алуа ИСКАКОВА 
Суретті түсірген автор



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"