Орал қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармада жемқорлыққа қарсы іс-шара ұйымдастырылды

Жуырда Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық» тақырыбында семинар өтті.

Аталмыш шараға Орал қалалық сотының судьялары Жұмағұлов Руслан Нартайұлы мен Исмайлов Асқар Құрбантайұлы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Ізғалиев Ардақ Есенғалиұлы қатысты. Құқық қорғау органдары өкілдері жеке құрамға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V 18.11.2015ж. заңын және 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы талаптарын кеңінен түсіндірді.

Жалпы жыл басынан бері Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада жемқорлықтың алдын-алу жоспарына сәйкес бірнеше шара ұйымдастырылды. Заңды белшесінен басып, жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылып, соның зардабын шеккен тұлғалардың тағдыры кімді болмасын ойландырары анық. Осы атмосфераны сезінсін деген мақсатпен жуырда жеке құрам  Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшыларының рұқсатымен әділет полковнигі Тұрғаналиев Ганжо Гусмановичтің және әділет полковнигі Тажманов Сакен Құттығұлұлының әділет  полковнигі С. Хапиевтың қатысуымен РУ/170/1 РУ170/2, РУ170/3 мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалармен кездесті. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың себеп-салдары сөз болып, оны болдырмаудың жолдары қаралды.

Профилактикалық мақсаттағы жұмыстарды Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімінің полиция майоры Мусағалиев Артур Ғайсаұлымен, Орал  гарнизонының  әскери прокуроры әділет полковнигі Раев  Алтынбай Ермекбайұлымен,   сондай-ақ, Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімінің майоры С.Старцев, сержант Е.Абдулкаримовпен болған кездесудер легі толықтыра түседі. Әскери қызметшілер жергілікті халыққа қорғаныс саласындағы бірнеше мемлекеттік қызмет көрсетеді. Азаматтардың сенімінен шығу, Қазақстан Республикасы Конституцияның тұтастығына нұқсан келтірмеу  - Отан алдында адал қызмет етіп жүрген қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдерінің мызғымас қағидасы болып қала береді.

 

Марат Есенов, подполковник

Орал  қаласы Қорғаныс істері

жөніндегі басқармасының бастығы

                             


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"