Оқытушы-ұйымдастырушылардың жиыны

   Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларын шығармашылықпен еңбек етуге ынталандыру, өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, салауатты өмір сүруді насихаттау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, әрі еліміз Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етуге әзірлейтін кәсіби шебер мамандарды анықтау мақсатында Семейде «Ең үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы – 2018» республикалық байқауы ұйымдастырылды.

  Ол «Білім және Ғылым» республикалық шығармашылық бірлестігінің, тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдарға және әскери шиеленістерге қатысушылардың қоғамдық бірлестігінің, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, қалалық ішкі саясат пен білім бөлімдерінің, алғашқы әскери дайындық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың жүлдегерлері жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің 20-29 жас аралығындағы оқытушы-ұйымдастырушылар арасында Ермек Дәуренов, Мержан Тілебалдин, Тілеубек Тақанов озық шықты. 30-39 жас аралығында Нұржан Қаженов, Дәурен Тұрлыбеков, Әділ Қанапиянов топты жарды.

Ал, 40-49 жас аралығында Шалқар Байбеков, Қуаныш Бекбосынов, Серік Күбелеков жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 50-59 жас аралығында алғашқы үштікке Қуаныш Мұхамадиев, Мақсұтхан Жұмашұлы, Ерсін Тиыштықбаев ілінді.

Жүлделі орынға ие болған әскери мұғалімдер «Ең үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы» төс белгісімен, сертификаттармен, бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломмен, медальдармен марапатталды.

   Байқау барысында республикалық байқауды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери шиеленістерге қатысушылардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есенғали Оразбаев пен өзге де ұйымдастырушыларға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының мақтау грамотасы табысталды.

                                                                

Алуа ИСКАКОВА

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"