Оқушылармен өткізілген әскери-далалық жиын


Алматы қаласында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері мен әскери-патриоттық клубтардың құрамындағы балалар үшін алғаш рет әскери-далалық жиын өткізілді.

Жас патриоттар үшін кедергілер жолағынан өту, АК-74 автоматынан ату, парашюттік дайындық сынды тапсырмалар берілді. Сонымен қатар курсанттар кавалерлық жасағын үйрететін базаға барды. «№95 және 19 мектептерден, Мәншүк Мәметова атындағы мектеп-гимназиядан, №1 облыстық балалар үйіндегі «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері үшін жиын өте қарқынды өтті»,- деді "Киров" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Бақытжан Перімбет. Жиында ең жас қатысушылар 5-сынып оқушылары болды. Өз жасына қарамастан, олар барлық тапсырмаларды нұсқаушы-оқытушылар құрамының бақылауымен сенімді орындады. Әскери-далалық жиын ҚРҚМ Алматы Қорғаныс жұмыстары жөніндегі департаменті мен Әскери-техникалық мектептің қолдауымен ұймдастырылды. «Біздің әскери-патриоттық клубымыз 5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Алматы қаласы қорғаныс істері Департаментінің тікелей қатысуымен қызықты іс-шаралар тек әскери-патриоттық клубтарда ғана емес, балалар үйінде де өткізіледі. Біздің клубта балалар үйінің тәрбиеленушілері тау-альпинистік дайындықпен айналысады", – деді Бақытжан Перімбетов. Алматы қаласының №95 жалпы білім беру мектебінің директоры Айнұр Сабированың айтуынша, «Жас сарбаз» сыныбының ашылуы және балалардың осындай іс-шараларға қатысуы мектептің көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. «Оқушылардың алдында үлгі кадеттер мен жас сарбаздар әрқашан үлгі болмақ ", – деп атап өтті ол.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"