Оқушыларды әскери-патриоттыққа баулыды

Оқушыларды әскери-патриоттыққа баулыды

ҚР Қорғаныс министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық орталығы арасында жасалған Меморандумға сәйкес ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының қарамағына тіркелген Түрксіб ауданының №89 және №85 жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен «Патриоттыққа тәрбиелеу» ашық сабағы өткізілді.

Аталмыш іс-шара 12881 әскери бөлімі басшылығының және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен өткізілді.

Сабақ барысында жастарға «Айбын» республикалық әскери конкурсы туралы бейнефильмдер көрсетілді. Ирактағы бітімгерлік операциясына қатысқан аға сержант Есенғали Кенжеев мен 3-сынып сержанты Асхат Ахметов бітімгершілік миссия туралы әңгімелесе, жауынгерлік жарыстардың үздігі аға сержант Өмірзақ Атажанов Кадет корпусының құрылуы туралы ақпаратпен бөлісті. Әскери қызметші әйелдердің өмірі де оқушылар назарынан тыс қалмады.

«Тұрақты түрде әскери-патриоттық клубтың қатарына қабылданған оқушылар атыс, дене, саптық дайындықтан тәжірибе жинақтап, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін үйренеді. Қаланың әскери мұражайларына саяхат жасап, тарихи орындарымен танысатын болады»,-дейді 12881 әскери бөлімінің командирі подполковник Еркеболат Таипов.

Құрылған әскери-патриоттық клубтың басты мақсаты өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, балаларды әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен таныстыру және оларды отансүйгіштікке баулу болып табылады.

Лейтенант Гүлмира ПОЛАТБЕК


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи