Оқушылар саяхат жасады

Әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында еліміз Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылық құрамы және 29011 әскери бөлімінің командирі 1-дәрежелі капитан Қ.Мұқановтың қатысуымен жуырда Ақтау қаласындағы № 1 мектептің 8-9 сынып оқушылары Әскери-теңіз күштерінің  кемелеріне саяхат жасады.

Мектеп оқушыларымен саяхатқа шыққан теңізшілер жасөспірімдерге Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің құрылу тарихынан сыр шертіп, жалпы флоттағы дәстүрлер туралы айтып берді. Оларға кемелерді аралатып, саяхат жүргізді, онда орналасқан қару-жарақтармен, әскери техникамен, әскери теңізшілердің кемедегі тұрмыс-тіршілігімен таныстырды.

Теңізшілермен жақын танысқан болашақ Отан қорғаушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, теңізшілерге осындай мүмкіндік жасағаны үшін алғыстарын айтты. Әрине, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер бойында Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастырып, олардың келешекте еліміздің нағыз сарбаздары болып өсулеріне мол септігін тигізері анық.

 

Капитан Ж. Тұяқбаева

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"