Онкүндік аясындағы шара

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімінде әскери қызметтен жалтарудың, қызметке шықпау және әскери бөлімді өз еркімен тастап кету фактілерінің алдын алу онкүндігі аясында Өскемен гарнизонының құқық қорғау органдарының өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты.

Бірлескен іс-шараға 27943, 64471, 16968 әскери бөлімінің офицерлері, мерзімді қызметтегі сарбаздар, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты. Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Асхат Рамазанов әскери қызметтегі әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарастырылған әкімшілік жауапкершіліктері туралы мағлұмат берді. Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицер-уәкілі әділет лейтенанты Дидар Ибраев ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штаб бастығының қызметтік уақыт регламентін сақтау туралы талаптарын баяндады. ҚР Қарулы Күштеріндегі қызметке шықпау және бөлімді өз еркімен тастап кетудің фактілеріне де тоқталды. Дөңгелек үстел басындағы кездесуге келген әскери қызметшілер әскери қызметтен жалтаруға, қызметке шықпау және бөлімді өз еркімен тастап кетуге қатысты өз сауалдарына жауап алды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"