Онкүндік аясындағы кешенді шаралар жүзеге асырылды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде «Отбасылық жанжалдың алдын алу және өзіне өзі қол жұмсауды болдырмау» бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды

Әскери қызметшілер арасында отбасылық жанжалды болдырмау және өзіне өзі қол салудың алдын алу онкүндігі аясындағы сабақты тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімнің офицері (психолог) капитан Алмат Құсайынов өткізді. Ол жеке және отбасылық шиеленістерден шығудың, өзіне өзі қол жұмсау оқиғаларына жол бермеудің жолдарын көрсетті. Отбасылық жанжалға себеп болатын факторларға баса назар аударды. Өзіне өзі қол салуға бейім тұратын адамдарды алдын-ала анықтау жөнінде нақты, айқындалған және ықпалды әдістеме жоқ екендігін тілге тиек ете келе, келеңсіз жайттарды болдырмау үшін қосымша нұсқаулар берді. Психологиялық жеңілдету бұрышы да құрылды. Сондай-ақ, жеке құраммен психикалық денсаулықты сақтауға бағытталған тренинг те өткізілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"