Онкүндік іс-шара өткізілді

36739 әскери бөлімінің Шымкент қаласы әуе қозғалысын басқару орталығында тұлғалық және отбасылық жанжалдың алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау бойынша онкүндік іс-шара  өткізілді.

Онкүндік іс-шара барысында 55652 әскери бөлімі ТжИЖ бөлімінің аға офицер-психологы аға лейтенант Гүлмира Саурбаева жеке құрамынан «ЖТС+», «ФСР-26» психологиялық тест қабылдады. Банктік несиелерді уақытылы қайтару, отбасылық бюджетті дұрыс пайдалану, азарттық ойындарды ойнамау туралы түсіндіру сабақтары өткізілді. «Өмір мәні» және «Живи!» атты бейнефильмдер көрсетілді. «Жауынгер дос» жүйесі бойынша тұлға аралық қарым-қатынасын білу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік міндеттерді, ішкі қызметтерді орындау кезіндегі кәсіби-психологиялық жарамдылығын, мінез-құлқының ерекшіліктерін, өзіне-өзі қол жұмсау көріністерінің алдын алуын, жүйке-психикалық тұрақтылығын, ортамен қарым-қатынасын және бейімделуін, мінез-құлқының психологиялық ерекшіліктерін анықтап, отбасылық құндылықтарды нығайтып, жанжалдың алдын алу және ұжымда достық, бір-біріне көмек көрсетуін арттыру болып табылады.

 

         Кіші сержант Набира ХОЖАКЕЛЬДИЕВА

Шымкент қаласындағы ӘҚБ орталығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"