«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында байланыс әскерлері бөлімшелерінің далалық шығуы аяқталды

Далалық шығу төрт кезеңде өткізілді. Онда бастапқы кезеңде байланыс әскерлерінің бөлімшелері сабақтардың өткізілу ауданына марш жасады.

Далалық жорық жағдайларындағы практикалық сабақтар барысында байланыс әскерлері бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік үйлесуі өтті. Сондай-ақ радиожеліде байланысты ұйымдастыру жөнінде тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Байланыс әскерлерінің бөлімшелері далалық байланыс тораптарын өрістетіп, радиожаттығулар өткізді. Жоғары тұрған штабтарға командалық пунктте шыға отырып, телефондық байланыс орнатылды.

Бөлім командирінің радиостанциясы істен шыққан жағдайдағы іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, жердің зақымдалған учаскесін бұзып өту бойынша тапсырмалар орындалды. Байланыс әскерлерінің бөлімшелері жылдам ауысатын және жауынгерлік жағдайларға жақындатылған жағдайда функционалдық міндеттерді орындау бойынша сапалы практикалық дайындықтан өтті, – деп қорытындылады «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы байланыс әскерлерінің бастығы полковник Талғат Меңдіқұлов.

Далалық шығу қорытындысы бойынша байланысшылар әр түрлі ұрыстарда байланысты қамтамасыз ету бойынша жақсы тәжірибе жинақтап, байланысты жан-жақты қамтамасыз ету бойынша мәселелерді пысықтады. Сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде күрделі жағдайларда жауынгерлік жұмысты жүргізуде алған білімдерін, шеберліктері мен машықтарын жетілдірді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"