«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының аруы - Гүлназира

Кейіпкеріміз Гүлнәзира – Жамбыл облысының тумасы. Ол – қазақ тілі мен әдебиетінің маманы. Оның жолы кейіннен әскери саламен тоғысты.

Қолына дипломын алған аруымыз «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызметтік жолын бастайды. Әскерилердің ортасында жүргеннен кейін, оған осы орта жат болмады. Келе-келе, әскери қызметші болуды қалады. Сөйтіп, жарты жылдан соң сол мақсатқа қол жеткізді.

«Осылайша, 2000 жылдың маусым айында әскер қатарына шақырылдым. Негізі қызметімді іс жүргізуші-аудармашыдан бастағанмын», -дейді ол.

Міне, содан бері он алты жылдай уақыт өтті. Бүгінде білікті маманды өңірлікте білмейтіндер жоқ. Мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуде зор үлес қосып жүрген оған көбісі тәнті. «Біздің әскери бөлімінде басшылық тіл саясатын дұрыс қолдайды. Аптасына екі рет мемлекеттік тіл күні өткізіледі. Осы жақын арада  тоқсанаралық қорытынды жасалды. Сол талдау негізінде бізде құжат айналымы 85 пайыз мемлекеттік тілде болды», - дейді кейіпкеріміз қызметі жайлы.

Қазір Гүлнәзира Самашова – аға лейтенант, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қарасты 30212 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі қызмет бастығы. Үш баланың анасы.

«Балаларым – бақытым. Өткен жылы әскери бөліміміздің 74 жылдығында әскери қызметші мен қызметкерлердің балалары қатысқан шара болды. Сонда ұлдарым қоян-қолтық ұрысын көрсетті. Олар да әскери саланы жақсы көреді. Әскери ортада олар шымырдай шыңдалып келеді», - дейді ана мақтанышпен.

Айтпақшыдай, темірдей тәртіп ұстанған ортада ол ерлерден қалыспай, жауынгерлік көрсеткіш тапсырарда алдына жан салмайды. Орталық спорт комитеті қабылдайтын нормативтерді оның үнемі үздік тапсыратынына әріптестері куә. Көбінесе, Калашников автоматынан және оқу-бақылау атысында жоғары нәтижеден көрінеді.

 «Әу» демейтін қазақ жоқ деген, Гүлнәзираның гитарада ән салатыны да бар. «Нотаны білмесем де, ән ырғағын аспаппен келтіріп аламын. Бөлімнің мәдени шараларынан қалыс қалмаймын», - дейді осы арада ол.

Былай қарасаңыз, он бес жыл аз да, көп те емес. Дегенмен, осыншама жыл осы ортамен біте қайнасу біліктілікті арттырмаса, кемітпесі анық. Білімі терең, біліктілігі кемел аға ле        йтенанттың алар асуы әлі алда.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков