«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 120 әскери қызметшісіне пәтер кілті тапсырылды

Жамбыл облысындағы 120 пәтерлі бес тұрғын үй пайдалануға берілді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 91678 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне қоныстой тойлау бақыты бұйырды.

Жарық және жанға жайлы пәтерлер аталған әскери бөлімде бұдан бұрын болған әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселесін толыққанды шешуге мүмкіндік берді. Енді әскери қызметшілердің 120 отбасы жайлы пәтерлермен қамтамасыз етілді. Салтанатты және мерекелі күнде «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайынов әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын құттықтады.

 «Елбасы мен Қорғаныс министрлігінің 2016 жылы шешкен басты мәселелерінің бірі әскери қалашықтардың инфрақұрылымын жетілдіру, әскери қызметшілердің алаңдамай, бейқам қызмет етуі үшін олардың отбасы мүшелеріне қолайлы жағдай жасау болып табылды. Сіздің полкіңіздің барлық жеке құрамына қажырлы еңбекте сәттілік, жаңа пәтерде отбасылық бақыт, қоныстой тойлауда қуаныш, береке және мықты денсаулық тілеймін», - деді ол.

Баспанамен қамтамасыз ету қазақстандық әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдау көрсетудің басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ерекше назар аударады. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде тұрғын үйді күрделі жөндеу, салу және пәтерлерді сатып алу арқылы пайдалануға беру әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру және әл-ауқат деңгейі жақсара түседі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"