«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар мен сарбаздар анықталды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығындағы 21450 әскери бөлімінің базасында өңірлік қолбасшылықтың үздік сержанттары мен сарбаздары атағына бақ сынасу өз мәресіне жетті.

Сайысқа әскери бөлімдер мен құрамаларда қатардағы жауынгер және сержанттар құрамында қызмет етіп жүрген 107 әскери қызметші қатысты. Байқаудың негізгі міндеттері мен мақсаттары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы сержанттары мен сарбаздарының әскери-кәсіби шеберліктерін жетілдіру, озық үлгідегі тәжірибені, жұмыс жасау стилі мен әдіс-тәсілдерді зерделеу, біріктіру және тарату болып табылды.

Одан басқа, конкурс барысында әскери-кәсіби тұрғыда анағұрлым дайындалған сержанттар мен қатардағы жауынгерлер айқындалды. Байқау құрамына «Даярлық», «Қайсар» әскери-спорттық сайысы, оқ ату даярлығы бойынша «Мерген», жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша «Тұлпар», әскери-медициналық дайындық бойынша «Денсаулық» және тағы басқа кезеңдер кірді. Әскери бөлімдер арасындағы жалпы командалық есепте  орындар келесідей бөлінді. 1-орынға – 35748 әскери бөлімі, 2-орынға – 21450 және 3-орынға 66597 әскери бөлімі қол жеткізді. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"