"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» акциясы өтті

Жақында «Оңтүстік» өңірлік  әскерлері қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінде  «Тәртіпсіздікке  нөлдік  төзімділік» алдын-алу акциясы өткізілді.

Елбасымыз  тәуелсіздігімізді нығайтып, әрі қарай баянды ету жолында «Мәңгілік ел» идеясын алға ұстанғалы,  еліміздің  жарқын  болашағына  деген сенім мен үмітіміздің  қалыптасуы жаңа кезеңге жол  ашты.

Отанымыздың қауіпсіздігі, ел тыныштығын және ұлттар бірлігін сақтаудағы  жылсайынғы  бастамалар,    Елбасының ұлттық идеясы - жаңа, гүлденген Қазақстанды - «Мәңгілік елге» одан  да алға бастыруға бағытталған жоспарын жүзеге асыруда, Баршамыздың  бірге  жұмыла атсалыса отырып,  өз қоғамымызда тәртіп пен құқықтылықты қатаң сақтанудың қажеттілігі туындап отыр.

         Сондықтан, Ел Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің алға қойған прогрессивті мақсаттарымызға  жетудегі  басымдықтардың  алғашқы  приоритеттерінің бірі болып әрине, қоғамдағы  тәртіптілікті  нығайту жолындағы «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» үндеуі баршамызға терең  ой  салды.

        Осы Үндеуді жүзеге асырып,  әскери ұжымдар арасында  тәртіптік жағдайды    жақсарта  отырып, қалыптастыру  мақсатында  тың жобалар мен бағдарламалар  жасалды. Соның  аясында 2016  жылғы  30 маусым күні 35748 әскери бөлімінің мәдени-демалыс орталығының  ғимаратында   Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры әділет капитаны С.Абдрахманов, Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы А.Е.Оспанова, Шымкент гарнизоны әскери полициясы бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет майоры Е.Т.Ағыбаев, Шг  ӘПБ  әскери автомобильдік полициясы бөлімінің  бастығы майор А.Сайдалихановтың қатысуымен, 35748 әскери бөлімі офицерлік және келісім-шарт әскери қызметші жеке құрамымен  2016  жылғы  2  ақпанда  ҚР  Бас әскери прокурорымен бекітілген  «2016 жыл – Армиядағы құқықтық мәдениет жылы» жоспарының іс-шаралары  және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «2016-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығының  талаптарына  сәйкес «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» алдын-алу  Акциясы  өткізіліп, әскери ұжымдар мен олардың жанұя мүшелерінің құқықтық санасын жоғарылату мақсатында, құқықбұзушылықтарға жол берген әскери қызметшілердің жеке жауапкершілігі мен қолданылған әкімшілік жазалардың  құқықтық  салдарын   жеткізу дөңгелек столы мен сұрақ-жауап сауалнама- түсіндірме жиналысы өткізілді.

 

                                                                                            «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығына қарасты

                                                                                             35748 әскери бөлімі  тәрбие және идеологиялық                                                                                                              жұмыстары бөлімінің (әскери тәртіп бойынша) аға                                                                                                          офицері майор Абдрахманов Б.А.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"