«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында МТҚ полкі мен тыл базасы күш біріктірді

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында тамыздың 25-і мен 27-і аралығында материалдық-техникалық қамтамасыз ету полкі және тыл базасының тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу 3 кезең бойынша ұйымдастырылды. Біріншісі – бөлімді жауынгерлік әзірлікке келтіру. Екінші кезеңде әскери қызметшілер ұдайы орналасу пунктінен «Айша-бибі» полигонына дейін марш жасады.  Маршқа шамамен 150 бірлік дөңгелекті техника тартылды. Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын, оқ-дәрілерді, материалдық-техникалық құралдарды, жөндеу-қалпына келтіру батальоны мен полкті қамтамасыз ету батальонын тасымалдау ротасы. Үшінші кезеңде әскери қызметшілер жергілікті жерде, яғни, «Айша-бибі» полигонында нан пісіру бойынша нан зауытын, далалық моншаны өрістетті. Ал жөндеу-қалпына келтіру батальоны істен шыққан машиналар жөнделген бұзылған машиналардың жиын пунктін өрістетті.

Аталған тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жауынгерлік даярлық жоспары бойынша өткізіліп жатқанын айта кетейік. Осы жолы оқу-жаттығу МТҚ полкі және тыл базасымен бірлесе алғаш рет өтті. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"