Он шақырым жүгірді

Жаппай спортты дамыту мақсатында Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен «Astana Marathon-2018» жарысында 10 шақырымды жүгіріп өтті.

Astana Marathon басталуына жол ашқан қайырымдылық жүгіру 2009 жылдан бастап өтуде және бүгінде марафон Қазақстанның елордасында ең ауқымды болып табылады. Жүгіру мақсаты салуатты өмір салтын ұстану ғана емес, сонымен бірге, қайырымдылық жоба аясында Қазақстанда айықпайтын дертке шалдыққан балаларға көмек көрсету болып табылады. Өздерінің дене дайныдықтары мен төзімділіктерін тексеруге әлемнің 20 елінен 40 мыңнан аса адам келді. Олардың арасында 320 шетелдік атлет, оның ішінде, элиталы жүгірушілер. Олар Қазақстанға Аустралия, Кения, Ресей, Эфиопия, Оңтүстік Корея, Жапониядан келді. Спортшыларға 42 шақырым 200 метр және 10 шақырымды еңсеруге тура келді. Жүгіруге қатысқан жеңімпаздар 2,5 мың долларға дейін ақшалай сыйақы алды. Жыл сайын бұл оқиға әлемнің түкпір-түкпірінен қазақстандықтар мен жүгірушілердің назарын аудартуда, қатысушылардың саны жылдан жылға ұлғаюда, ал қаражат қайырымдылық шараларға жұмсалады. Өз кезегінде, ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері бұл мерекеден ешқашан тыс қалмайды. Олар жаппай спорт пен салауатты өмір салтын толықтай қолдайды. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"