Офицерлік погондар берілді

Тұңғыш Президент күніне орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедра түлектеріне офицерлік погондар табыс етілді.

Әскери кафедраны «Құрылымдар мен бөлімдерде жер үсті артиллериясының жауынгерлік қолданылуы», «Құрлық әскерлерінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыру», «Құрылымдар мен бөлімдерде арнайы насихатты ұйымдастыру», «Прокурорлық жұмыс» мамандықтары бойынша тәмамдағандарға «запастағы лейтенант» офицерлік погондары табысталды. Оған оқу орны мен кафедра басшылары, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлері, сондай-ақ, Қарулы Күштердің ардагерлері куә болды. Меймандардың назарына концерттік бағдарлама да тарту етілді.

   Айта кетейік, әскери кафедра ҚР «Қазақстан Республикасындағы Қарулы Күштер мен қорғаныс туралы» Заңының 7-ші бабының 7-ші тармағына сәйкес, Үкіметтің 2011 жылы 27 тамыздағы 977-ші Қаулысының негізінде ашылған болатын. Алғаш рет ұйымдастырылған байқауға 232 студент қатысты. «Мотоатқыштар құрылымдарында тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру», «Армиялық артиллерияның жауынгерлік қолданылуы» және «Бөлімдер мен құрылымдарда радиобайланысты ұйымдастыру» секілді үш әскери-есептік мамандық бойынша студенттерді оқыту жоспарланды. Бүгінгі күні жалпы аумағы 1, 36 га құрайтын әскери кафедраның үш қабатты оқу ғимаратында барлық жағдай жасалған. Бұған қоса әскери кафедрададан 700-1000 метр қашықтықтағы орманды-жазық дала оқу бағдарламасының тиімділігіне айтарлықтай ықпал етеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"