Өз ісінің нағыз майталманы

      Құрлық әскерлерінің Әскери институтында құрметке лайық жандар көптеп табылады. Өз ісіне сергек, жауапкершілікті жоғары қоя білетін олар жайлы институт басшылығы әрдайым жақсы пікірде. Солардың бірі Құрлық әскерлерінің Әскери институтының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі басқармасының тәрбие бөлімінің бастығы подполковник Руслан Төлегенов.

Русланның туып өскен жері – Көкшетау өлкесінің Жаркөл ауылы. Сол жерде білім алды, биікке қанатын қақты. Отан сарбазы болу оның ертеден бергі мақсаты еді. Сол бала кезгі арманы жас жеткіншекті Алматы қаласындағы жоғарғы жалпы әскери училищесіне жетеледі. Анасы Тиыштық Өтемісқызы ұлының бетінен қақпады, ақ батасын беріп сәттілік тілеп шығарып салды. Ана батасын алған Русланның жолы болып, тез арада курсант аталды.

       4 жыл үздік оқып, алдына қойған арманына жетіп, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әскери Академиясын тәрбие саласының офицері мамандығы бойынша тамамдаған Руслан Төлегенов осы аталмыш жоғарғы әскери оқу орынының оқу үрдісін қамтамасыз ету батальонының танк ротасының командирінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымынан бастап, кейіннен институттың жастар комитетінің төрағасы міндетін атқарып жақсы жұмыс көрсете білді.

Тәртіп мәселесі әскерде бірінші орында тұрады. Сол тәртіп, тәрбиенің бастауында турып, Руслан Біржанұлы тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлімнің әскери тәртіп бойынша аға офицер лауазымын жоғарғы деңгейде атқарып, кейіннен курсанттар батальонының командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының лауазымын орындаған. Курсанттық батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары және институттың қоғамдық ғылымдар кафедрасында да жұмысты жақсы атқара білді. Алғырлығы мен зеректігінің арқасында мамандығының қыр-сырын тез меңгеріп, әріптестерінің және курсанттардың арасында абырой биігінен көріне білді.

       Қазіргі күні Құрлық әскерлерінің Әскери институтының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімнің бастығы болып жұмыс атқарып жұр.

        Ол әскер қатарындағы 25 жыл саналы уақытында тәрбие саласында еселі еңбек етіп келе жатқан мақтаулы жан. Тәрбие саласындағы ұзақ жылдарғы бай тәжірибесі оны болашақ офицерлерді тәрбиелеудегі ардақты тәрбиешіге айналдырып отыр.

Қызметте құрметке бөленген Руслан Біржанұлы – өз ісінің нағыз майталманы.

Аида БЕКТҰРОВА

ҚӘӘИ

баспасөз қызметі

       

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"