Өскеменде халықаралық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойыны өтті

2016 жылы 23-25 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында халықаралық «Жас Ұлан»  әскери-спорттық ойыны өтті. Жарысқа қалалармен аудандардан 15 команда оқушылары  қатысады, деп хабарлайды sarbaz.kz.

«Жас Ұлан» халықаралық әскери-спорттық ойыны IV-ші рет ұйымдастырылып өтті.Семей қаласынан №21,22,26,Шульбі  мектептерінен «Барыс» атты командасы құрылып, әскери спорттық жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болды. 

Үздіктердің ішінен топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар саптық және атыс даярлығы (автоматты толық емес  бөлшектеу және жинақтау), кермеге тартылу,газтұмылдырық киюден,қол гранатасын лақтыру,тактикалық ұрыс бойынша сайысқа түседі.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Семей қаласы «Барыс»командасы, екінші орынды –Аягөз командасы, үшінші орынды – Курчум командасы  иеленді. Жүлделі орын алған  командалары бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

«Еліміздің әскери қызметінің лайықты ізбасарлары өсіп келеді. Жарысқа қатысушылар жан-жақты дамыған және дайындалған. Мұндай жарыстар жеткіншектерге өзінің әрі қарай тағдырын анықтауға және оны әскери қызметпен байланыстыруға көмектеседі.

Команда жетекшілері №21,22 мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы- ұйымдастырушылары Құрманов Болат Анарбекұлы,Кобелеков Оразай Омыртайұлы.

Семей қаласының «Барыс» командасын I-ші жүлделі орынымен құттықтаймыз.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"