Өскемен гарнизонында «Тәуелсіздік – тұғырым» жыр мүшәйрасы өтті

Еліміз егемендігінің 25 жылдығы қарсаңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде «Тәуелсіздік – тұғырым» жыр мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жыр мүшәйрасында тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қазақ әскерилерінің кәсіби біліктілігі, жоғары тәртібі мен жауынгерлік әзірлігінің жан-жақты танылғаны, айтулы күнді лайықты деңгейде атап өтудегі мақсат – отандастардың санасында мемлекеттіліктің және тәуелсіздіктің құндылықтарын бекіту, қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін тереңдету, әрі патриоттық жаңа белестерді бағындыруға ұмтылыс сезімдерін қалыптастыру екені баян етілді. 

Қатысушылар өз жыр-перзенттерін азаттықтың торқалы тойына шашу ретінде ұсынды. Тәуелсіздіктің туған күніне арналған шараға әскери бөлімнің қызметкерлері де, сарбаздар да белсене қатысты. Жыр додасында оза шапқан қатардағы жауынгерлер Еркебұлан Хажмұхан, Жанболат Сахитжанов, Орал Нұрбек, Ақжол Мөршәріп және ҚР ҚК қызметкері Наргис Қалкенова Өскемен гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ибраевтың мақтау грамотасымен марапатталды.   


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"