«Өмірге үміт сыйла» акциясы

Петропавлда Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-техникалық мектептің шақырылушылары донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясына қатысты.

Акция «Өмірге үміт сыйла» ұранымен былтырғы жылдың наурыз айынан басталған болатын. Медициналық іріктеуден ойдағыдай өткен шақырылушылардың әрқайсысы 450 мл көлемінде қан тапсырды. Олар облыстық қан орталығында шамамен 10 литрдей қан тапсырды. Әскери-техникалық мектептің шақырылушылары қан тапсыру үшін жылына 7-8 рет келеді.

«Адамдар қолынан келгенше, өздерінің жақынына қолұшын созуы тиіс. Статистика бойынша әрбір үшінші адам қан алмастыруға зәру болып келеді. Баршаға аян, адамның ағзасында 5 литрге жуық қан болады. Мен өзімнің 450 миллилитр қанымды тапсырдым. Менің қаным адамның өмірін құтқарып қалуға көмектеседі деп үміттенемін», - деді мектеп тәрбиеленушісі Дархан Данияров.

Қазіргі уақытта еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ұдайы негізде Қазақстандағы донорлықты дамыту ісіне үлестерін қосып, донорлық қанға мұқтаж адамдарға көмектесуде. Адам баласы түрлі себептермен донор болып жатыр, солардың бастысы – әлеуметтік жауапкершілікті сезіну.

Лейтенант Айман Абжапбарова,
СҚО КІД баспасөз қызметінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"