Нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізілді

Таяуда Солтүстік Қазақстан облысы  Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиналыс  залында көктемгі әскерге шақыру міндеті мен мәселе талқыланып, 2018 жылғы әскерге шақырудың қорытындысы және әскерге шақыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік көрнекілік сабағы өткізілді.

Шараға 2032 әскери бөлімінің командирі подполковник Р.Кокамбаев, 6637 әскери бөлімінің командирі ҚР ҰҚКД өкілі подполковник А.Шәкіров, Петропавл гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі А.Рысқұлов, Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Д.Таев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік қызметінің агенттігінің өкілі қатысты. Әр құрылымның өкілдері өздерінің жұмыс бағыты бойынша баяндама оқыды. Сондай-ақ 2018 жылғы күзгі әскерге шақыру барысында жоспарлы межені орындаған бірқатар әскери қызметшілер марапат грамотасымен және кеуде белгісімен награтталды.

         Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Алмаз Тілеуханов әскерге шақыру бойынша жұмыстарды жүргізетін жауапты тұлғаларға алдағы міндеттер мен тапсырмаларды бұлжытпай орындауға, жалпы әскери жарғылардың ережелерін сақтауды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау бойынша «нөлдік төзімділік» қағидасын қатаң сақтау туралы айтылып өтті.

         Мерзімді әскерге шақыру қызметі 2019 жылдың маусым айының соңына дейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес 18 жастан 27 жасқа дейін­гі ер азаматтар 2019 жылдың наурыз – мау­сымында және қыркүйек – желтоқса­нын­да Қазақстан Республи­касының Қа­рулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы­ның Ішкі істер министр­лігіне, Қазақстан Республикасының Ұлт­тық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қыз­метіне мерзімді әс­кери қызметке шақырылатын болады.

   Айман Абжапбарова

СҚО ҚІД

Баспасөз қызметінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"