НЕГЕ ӘСКЕРИ ТАҢБА "ЖҰЛДЫЗ" БОЛЫП ТАҢДАЛДЫ?

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ...

Бала күнімізде бас киімінде немесе шенінде жұлдызы бар адам көрсек, «мынау әскери адам» деп бірден танитынбыз. Сонымен, бұл жұлдыз неге таңдалып алынды?

«Жұлдыз» деп жүргеніміздің аты – пентаграмма (пентакль). Атап айтқанда, шамамен 4 000 жыл бұрын пайда болған. Пайда болу аймағы Месопотамия деп есептеледі. Ал бұл белгінің иелері – бұрынғы шумер және мысыр халқы. 

Пентаграмма – рухани дүниенің, жеңістің, қауіпсіздіктің символы. Кезінде Пифагор пентаграмманы «пентальфа» деп атаған екен. Тағы бір ерекшелігі, пентаграмма дегеніміз толық жетілген адамның бейнесі болып есептеледі екен. Пентаграмма – адамның физикалық және рухани жан дүниесінің белгісі. Онда бес түрлі дүние топтастырылған: махаббат, ақиқат, даналық, адамгершілік және әділдік. 

Жоғарыда атап көрсеткен 5 түрлі ерекшелік бойынша пентаграмма (толық қалыптасқан адам бейнесі) былай жіктеледі: адамгершілік – аяқпен, әділдік – қолмен, махаббат – ауызбен, даналық – құлақпен, ақиқат – көзбен. 

Сонымен, түйіндей келген кезде пентаграмманы әскери адамдар үшін таңдап алуының басты себебі, оның қауіпсіздікті сақтауы, адамның 5 қасиеті бойынша топтасуы мен жеңіске жету үшін деп түсінуге болады. 
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің атын естігенде, есіңізге не түседі: «пентагон». Жалпы «пентагон» дегеннің өзі «дұрыс бес бұрыш» деген мағына береді. Пентагонның архитектурасы да дәл осыған келеді. Ал «пентагон» мен «пентаграмма» сөздерінің алғашқы дыбысталуына назар салсаңыз «пента» сөзі қайталанып тұр. Грек тілінен аударғанда «бес» деген мағынаны білдіреді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"