"Наурыз мейрамы" қарсаңында Қарулы Күштерде қырағылықты арттыру үшін шаралар қабылданды

Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде осы аптадағы қойылған міндеттер мен атқарылатын шаралардың барысы қаралды.

Кеңес барысында роталардың үйлесімділігі нәтижесі, роталық-тактикалық оқу-жаттығудың нәтижелері, сондай-ақ батальон және дивизионның жауынгерлік даярлығы бойынша шаралардың жоспары талқыланды.
«Мәтібұлақ» полигонында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдерін аралық кенеттен тексеру нәтижелері аталып өтілді.  
Өңірлерде аумақтық қорғаныс бригадаларымен жоспарлы командылық-штабтық жұмылдырылған оқу-жаттығудың барысы баяндалды.
«Наурыз мейрамы» қарсаңында қырағылықты арттыру бойынша нұсқама берілді. Әскери бөлімдерге тиісті тапсырмалар қойылды. Мереке және демалыс күндері кезекші күш пен құралдар артып, диверсияға қарсы қауіпсіздікті бақылау мен тексеру, сонымен қатар қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігі, жеке құрам арасында әскери және құқықтық тәртіп жағдайы ұйымдастырылады.
Әскери қызметшілерді даярлау кезінде тәуліктік кезекшілік уақытында штаттан тыс жағдай туындағанда лауазымды тұлғалардың әрекет ету ретін қарастыратын оқу модульдері мен кейстер өңделіп, қолданылуда.
Барлық мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескере отырып өткізілуі қажет.
Қорғаныс министрі әскери авиацияны пайдалану үшін жұмылдырылған әскери инфрақұрылым жағдайына баса назар аударуды тапсырды. Әсіресе ұшу-қону жолағының жағдайын мұқият тексеруді. Қажет болған кезде оларға жөндеу жұмыстары мен қызмет көрсету шараларын ұйымдастыру керектігі айтылды.
Қорғаныс министрлігі орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен өткізген мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша сабақтардың қорытындылары шығарылды. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қорғаныс Министрінің орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің бастықтарына өз бағыттары бойынша тұрақты негізде елдің қорғанысын ұйымдастыру мүддесінде тиісті министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды нұсқау берді.
Бас медициналық басқарма бастығының баяндамасы бойынша бас қолбасшыларға әскерде орналасқан аудандардағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауды жүзеге асыру және күнделікті тіршілік әрекетін ұйымдастыру кезінде қажетті алдын алу шараларын жүзеге асыруды тапсырды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"