Науқандық шара жүйелі жүзеге асты

Қазақстанда көктемгі шақыру аяқталды. Ағымдағы жылғы көктемгі шақыру науқаны кезеңінде ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 2000-1991 жылы туылған 17 мыңнан аса әскери қызметші шақырылды.

«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа босату және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2018 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №644 Жарлығына сәйкес мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны аяқталды. Әскери бөлімдерді жасақтау шақыруға нарядты тепе-тең бөлу есебімен эксаумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылды. Одан басқа, мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру және ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери құралымдарына олардың арналымы олардың физикалық және моральдық-іскерлік қасиеттерін, сондай-ақ шақыруға дейінгі олардың алған мамандықтарын ескере отырып, әскери қызметке денсаулықтары жарамды шақырылушылар санынан жүзеге асырылды.

Шақыру науқаны барысында шақыруды және медициналық куәландыруды өткізу тәртібі туралы азаматтарда туындаған сұрақтарды жедел шешу мақсатында 2018 жылғы көктемде жергілікті әскери басқару органдары әскери бөлімдер және оқу орындарымен бірлесіп «қауырт желі» уақытша штабын ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Онда жауапты лауазымды адамдар сұрақтар бойынша азаматтарға түсіндіруді жүргізді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"