Міндетіміз – ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу

Биыл жергілікті әскери басқару  органдарының құрылғанына 101 жыл толуына орай осы органның  нығаюына және дамуына өз үлесін қосқан, өз кәсібінің шебері Солтүстік Қазақстан облысының Қарулы Күштері ардегерлер кеңесінің төрағасы, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің  әскери-патриоттық және ардагерлермен жұмыстар бойынша бастығының орынбасары – Қарулы Күштер ардагері отставкадағы подполковник  Борис Сапенков жайында сөз етпекпін.

   Борис Сапенков жергілікті әскери басқару органдарының қызметін іске асыру мен дамыту бағытында 25 жылдан аса қызмет еткен, құрметті зейнеттік жасына шықса да, жас офицерлер мен сержанттарға патриоттық-тәрбие беру бағытында әлі күнге дейін аянбай еңбек етіп келеді. Ол – ұжымның ұйтқысы бола білген, алдына қойған мақсатына жетуді принципке айналдырған тұлға. Департамент басшылығы мен әріптестері Борис Сапенков туралы тек мақтауға лайықты сөздерді жиі айтады. Өйткені, ол қай тақырыпта болмасын бірден танылар ой тереңдігі, білім көкжиегінің кеңдігі, байсалдығымен ерекшеленеді.

         Борис Федорұлының өмірбаянына көз жүгіртсек, ол Ресей федерациясы Ярославл өңірінен. Әкесі – әскери қызметші, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз, II және III дәрежелі Даңқ ордендерімен наградталған. Осындай әскери қызметшілердің отбасында өскен Борис Сапенковтың жастайынан әскери қызметке деген қызығушылығы мен құлшынысы артады. Содан сол кездегі Калинин қаласындағы А.Суворов атындағы әскери училищені 1972 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы Кеңес одағының маршалы И.С.Коньев атындағы Жоғарғы әскери училищеге оқуға түседі. Бұл оқу орнының курсанты аталғанда Борис Федорұлының қуанышы қойнына сыймай, қатты толқыды. Ол офицер болуды бала кезінен армандаған еді. Әскерилер жайлы әңгімелерді кішкентайынан сүйіп тыңдайтын. Жасынан зерек өскен курсант Борис Сапенков әскери училищеде де өзінің білім көкжиегінің жоғары екенін көпшілікке көрсете білді. Оқыған барлық пәндер бойынша тек үздік бағалар алды және училище қабырғасындағы 4 жылда мақтаулы курсанттардың шебінде болды. Ол ұдайы ізденіп жүретін. Осының нәтижесінде ол аталмыш оқу орнын үздік аяқтап, лейтенант шенін алып, 1976 жылы жас лейтенант Шығыс Қазақстан облысындағы әскери бөлімге мотоатқыштар взводының командирі болып тағайындалады. Осылай нағыз әскери өмір басталады. 1988 жылы Борис Федорұлы қызмет бабымен Петропавл қаласына сол кездегі әскери комиссариаттың бөлім бастығының көмекшісі лауазымына тағайындалды.

         «Елді қорғау – мемлекеттің алдыңғы шебінде тұратын әскер үшін де басты міндет. Қазіргі дамыған білім мен техниканың бәсекелестік заманында әскери қызметшілер  күнделікті жұмыс барысында іс-тәжірибе арқылы ізденісін ұштастырып отырады. Бір сөзбен айтқанда, кез-келген әскери қызметші өз саласын жетік білуі жолында еңбектене отырып, жоғары нәтижелі жұмыс қорытындысын шығаруға тырысады. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу!», - дейді отставкадағы подполковник Борис Сапенков.

        

 

Айман Абжапбарова

СҚО ҚІД баспасөз қызметі

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"