«Мызғымас бауырластық – 2016» оқу-жаттығуы аяқталды

«Обуз-Лесновский» 230-шы жалпыәскери полигонында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің (ҰБК) «Мызғымас бауырластық – 2016» оқу-жаттығуы аяқталды. Оған ҚР Қарулы Күштерінің бітімгерші әскери қызметшілері қатысты.

Аталған оқу-жаттығуда ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштері алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатын алды. Оқу-жаттығудың белсенді фазасында бітімгершілік контингенттердің іс-қимылдарын ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаков, ҰҚШҰ-ның Бас Хатшысы  Николай Бордюжа, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы  генерал-полковник Анатолий Сидоров,  Армения мен Белоруссия қарулы күштері бас штабтарының бастықтары, Беларусь Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпусының, Қызыл Крест халықаралық комитетінің өкілдері және өзге де шақырылған меймандар қадағалады.

Бітімгершілік операцияда олардың тапсырмаларды орындауы бойынша белсенді іс-қимылдарды жүргізу кезінде үлттық бітімгершілік контингенттердің жауынгерлік үйлесімділігіне ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығу шеңберінде БӨП-те қызмет өткеру, көлік құралдарын тексеру тәртібі, жаяу патрульдеу, алғашқы көмек көрсету және босқындармен (алмастырылған тұлғалармен) жұмыс жасау жөнінде практикалық сабақтар өткізілді.  Әскери қызметшілер лектерді алып жүру, минасыздандыру, мобильді БӨП құрамында қызмет атқару, маңызды нысанды күзету, елді мекенді қоршау және тексеру, ғимаратқа шабуыл жасау, мобильді резерв құрамындағы (тікұшақтардағы) іс-қимылдар, ізгілік көмек көрсетуді қолдау кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады. Қазақстандық бітімгершілер Армения, Белоруссия және Ресей қарулы күштерінің контингенттерімен бірлесіп жауапкершілік учаскелеріне шығу және орналасу бойынша бірқатар тапсырмаларды пысықтады. Осы учаскелерде барлау, күзету, тексеру және оқшаулау іс-шараларын орындады.

Практикалық іс-қимылдар барысында бірнеше тактикалық эпизодтар пысықталды. Атап айтқанда, көліктік авиацияның күшімен белгіленген ауданға контингенттердің материалдық құралдарын жеткізу, техниканың лектерін құру, қозғалыс бағдарында қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды күзету, анықтауды ұйымдастыру, тікұшақтан минасыздандыру тобы құрамында түсіріп жіберу және заңсыз қарулы құралымды жою, маңызды нысанды күзету жөнінде тапсырмаларды орындау пысықталды.

Оқу-жаттығуға барлығы ҰҚШҰ мүшесінің барлық алты мемлекетінің қарулы күштері, ішкі әскерлері мен полициясы құрамынан 1500 әскери қызметші, сондай-ақ, 300 бірлік авиациялық, броньды танкті және автомобильді техника тартылды. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"