Мықты отбасы – болашақтың іргетасы

          «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасында Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.Дүйсенбаев, судья А.Бексұлтанова, бас маман Ж.Шыршықбаев әскери сала қызметкерлерімен «Бірлігі мықты отбасы – бақытты болашақтың іргетасы» тақырыбында  кездесу өткізді.

Басқосуда Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің бүгіні мен болашағы, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесінің жетістіктері –   халықаралық құқықтық қағидаларға негіздейтін тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасқаны, қоғам мен азаматтың мүдделері туралы сөз қозғалды.   Солардың қатарында баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ана құқығынан айыру, алимент мөлшерін азайту, бала асырап алу, алимент өндіру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты  барлық әкімшілік істер түсіндіріліп, ажырасу, мүлікті бөлісу, көп жағдайда балалардың қатысуымен болатын тұрмыстық зорлық-зомбылық секілді басқа да істерді жалпы юрисдикциядағы соттар қарайтыны талқыланды.

       Әскери сала қызметкерлері өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды. Сонымен қатар, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Е.Бятов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде осы тақырыпта тағы да кездесулер ұйымдастыру туралы ойын ортаға тастады.

             Отбасы – мемлекет пен қоғамның іргетасы. Тәртіп пен заң өзгерсе де, отбасылық құндылықтар өзгермейтін киелі әрі мәңгілік құндылықтар. Сондықтан, барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алуы керек.

 

                                     Мұхит Қонаров

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"