Мыңнан аса жас сарбазбен толықты

Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген мыңнан аса сарбаздар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Жаркент және Сарыөзек гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерге қабылданды

Қазақстан Республикасы Президентінің резерві болып табылатын әскерге сарбаздарды қабылдауда да ерекше талаптар қойылады және бұл әскер түрінде қызмет өткеруді армандайтын жастардың дені басым.

Қапшағай гарнизонынан Батыс Қазақстан облысына барып, сарбаздарды іріктеп алған майор Құсайынов Біржан мырза: «Қанатты әскерге моральдық-психологиялық жағдайы тұрақты, денесі шыныққан, бойы ұзын жігіттерді таңдап алдық. Жалпы айтқанда, көк тарландарының қатарында қызмет етуге деген ниеті басым сарбаздарды жинақтадық»,- деді.

Айта кетсек, бұл жылы көк тарландарының тал бесігі саналатын Қапшағай гарнизонындағы бригадаға 400-ге жуық жас сарбаз қабылданды.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Абубакиров Қаныш Асанханұлының айтуынша, елімізде болып жатқан ахуалға байланысты, әрбір мерзімді әскери қызметке қабылданған сарбаздар енгізілген карантин шараларының тәртібімен жергілікті әскери басқару органдарында коронавирус инфекциясын анықтауға арналған ПЦР сынамасына тексерілгенімен, әскери бөлімдерге келген соң сынаманы қайта тапсыратын болады. Содан соң сарбаздар екі апталық карантинде оқшауланады деді.

IMG-20200717-WA0018.jpg

Сондай-ақ, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы: «Биылғы жылы Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет өткеретін жас сарбаздардың 70%-ы әскери бөлімдерге келіп үлгерді. Әр облыстан келген сарбаздардың жатын орыны мен тамақтануы екі бөлек болады. Облысқа бөлінген сарбаздардың тамақтануынан кейін, асханаға дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол әр сарбаздың қауіпсіздігі үшін аса қажет. Сонымен қатар, сарбаздар карантин уақытын тиімді пайдалану үшін жалпыәскери жарғылармен танысып, әскери қызметке қажетті дүниелерді зерделейтін болады», - деді.

Сонымен қатар, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің басшылығы «Іле» оқу орталығында уақытша карантин шараларын сақтау үшін оқшауланған жас толымдармен кездесіп, олардың жатын орындары мен тамақтану орындарының санитарлық нормаға сай жағдайына тексеру жүргізді.

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жанысов Раджан Какымханұлы жас сарбаздармен әскери өмірдің жай-жапсарын танып-білуге арналған түсіндіру жұмыстары мен әскери дағдыларға мейлінше тезірек бейімделуге қажетті тәрбие жұмыстарын жүргізді.

Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қабылданған жас сарбаздар карантиннен кейін, бір айлық жас жауынгер курсынан өткізіліп, әскери ант қабылдауға дайындалатын болады.

Лейтенант Гүлмира ПОЛАТБЕК,

Десанттық-шабуылдау әскерлері


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"