Мерзімді әскери қызметшілер сайысты

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оны оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысына әскери бөлімнің он мерзімді әскери қызметшілері қатысты.  

21742 әскери бөлімінде биыл алғаш рет мерзімді әскери қызметшілердің арасында сайыс өткізілді. Сайысқа Солтүстік және Орталық, Шығыс өңірлерінен шақырылған сарбаздар өз өнерлерін көрсете алды.

    Қатысушылар сайыста өздерін мемлекеттік тілде таныстырып, мақал-мәтелдер айту және мемлекеттік тілде ән салып, әскери саласындағы терминдерге аударма жасау секілді тапсырмаларды орындады.

    Сондай-ақ олар ұлттық киімдерді киіп, өз өнерлерін ортаға салып, қазақ халқының салт-дәстүрін әдемі айшықтайтын көрністер қойды. Осылай барша ұлт өкілдері бір отбасының баласындай өзара бауырласып, бірі тамылжыта ән салса, екіншісі би билеп енді бірі мәнерлеп жыр оқып, жиналған көпшілікті тәнті етті. Байқаудың барлық талаптарын жақсы орындап, тапқырлығымен ерекше көзге түскен мерзімді әскери қызметшілер бөлім басшылығынан алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды.

    Мемлекеттік тілде осындай іс-шаралар жиі өткізу барысында әскери бөлімімізде тілге деген құлшыныс арта түсуде. Оған мысал ретінде биылғы жылғы шығыс құжаттарының 96 пайыз мемлекеттік тілде орындалуда. Тілге деген жанашырлық танытып, осындай мерекелік іс-шараларға жақсы атсалыса қатысқан саптық бөлімнің әскери қызметшілері аға сержант Н.Қунақбаеваға, кіші сержант Ж.Өнербековаға және байланыс торабының телефонисі сержант Э.Усубалиеваға көп алғыс білдіреміз.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"