Мерейлі кәсіби мереке

Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы Қарулы Күштерінің тарихындағы  айтулы күн, яғни 26 жылдықтарын атап өтуде.

Тура 26 жыл бұрын ҚР Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде Қарулы Күштердің жекелеген түрі – Әскери-теңіз күштері құрылды. Каспий өңірі Қазақстанның экономикасы үшін маңызды мәнге ие. Оның қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында елімізде қазіргі заманғы Әскери-теңіз күштерін құру қажеттілігі туындады. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мемлекеттік шекараның, аумақтық тұтастықтың, тәуелсіздіктің, экономикалық мүдделердің қол сұғылмауын қорғау ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің басты міндеті. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі жылдарында Әскери-теңіз күштері қажетті тәжірибе жинақтап, мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде өзінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіруді жалғастыруда. Бүгінде Әскери-теңіз күштері Каспий маңындағы елдер арасында күштерді орналастыруда айрықша орынға ие екенін және Каспий өңіріндегі тұрақтылықтың кепілі болып табылатынын сеніммен айтуға болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"