Мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні қар-саңында елге елеулі, халыққа танымал, еңбектері орасан бірқатар отандастарымызға мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды. Олардың ішінде әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егеменді ел ретінде дамыған жылдарымыздағы бірқатар жетістіктерді атап өтті.
– Мемлекеттік егемендікке ие болған соң біз мықты әрі өркендеу жолына түскен Қазақстанды құруға кірістік. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген елеулі жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізді. Ауқымды жаңғыру үдерісі аясында азаматтарымызға жоғары әлеуметтік кепілдік беріп, әл-ауқатының артуын қамтамасыз еттік. Біз Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, жаһандық деңгейдегі ауқымды іс-шараларды лайықты өткіздік, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті еліміздің жетістіктері мен институционалды реформаларды іске асырудағы әрбір қазақстандықтың рөлі мен күш-жігері жөнінде айтты. Сондай-ақ, Отанымыздың дамуына өз үлесін қосып, еңбек сіңірген азаматтарды наградалармен және сыйлықтармен марапаттайтынын жеткізді.
– Бүгін біз өз ісінің білікті мамандары, Отанымыздың нағыз патриоттары болып саналатын қазақстандықтарға құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік наградаларға мәдениет пен өнер, білім беру мен денсаулық сақтау ісінің қайраткерлері, бизнес пен өндіріс саласының өкілдері, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, спортшылар мен мемлекеттік қызметшілер ие болуда. Өз істеріңізге деген адалдықтың, еңбекқорлықтың, қажыр-қайрат пен ерліктің арқасында сіздер әріптестеріңіздің құрметіне бөленіп, қоғамда зор беделге ие болдыңыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Рәсім барысында Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық тұрғыдан дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы А.Есімовке, Атырау облысындағы «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері Р.Қуатовқа және «Жақсылық» ШҚ басшысы Ж.Үшкемпіровке табыс етілді. Сондай-ақ,
«Отан», ІІІ дәрежелі «Барыс»,  «Парасат», «Құрмет»және  ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен бірқатар белгілі тұлғалар, ғалымдар, мәдениет және спорт саңлақтары, өндіріс пен әлеуметтік сала өкілдері марапатталды. «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» атағы «Астана Балет» театры» ЖШС бас балетмейстері М.Абубахриеваға және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Ж.Мәлібекұлына берілді.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденіне Аумақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері аумақтық әскерлерінің бастығы С.Қамалетдинов және Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы А.Каскеленов ие болды.
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің командирі Ж.Ермұхановқа және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы қызметі Терроризмге қарсы орталығының штаб бастығы Ж.Сайполдаевқа табыс етілді.
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік «Айбын» полкі әскери бөлімінің бөлімше командирі Е.Жақаев марапатталды.


                 ***
Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінде әскери ведомство басшысының жетекшілік етуімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі жылдарында Қазақстанның Қарулы Күштері күрмеуі қиын жолдан өтті. Биылғы жылы ҚР Қарулы Күштері өзінің құрылуының 25 жылдығын атап өтті. Тәуелсіз Қазақстан әскерінің жыл сайынғы даму барысы елдің әскери-саяси бағытының бірізділігі және жіті тексерілгендігімен расталады. Заманауи қазақстандық армия тәуелсіз және егеменді мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін сенімді түрде қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай бірқатар әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар және мерзімінен бұрын әскери атақ берілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"