Майдан және әскери-көлік авиациясының экипаждары оқу-жаттығу ұшуларын орындады

Әуе қорғанысы күштерінің авиация базаларында оқу-жаттығу ұшулары өткізілді. Бұл жаттықтыру түрлі ұшу аппараттарында авиация базаларының тәжірибелі нұсқаушыларының басшылық етуімен ұйымдастырылды.

Әскери ұшқыштар бір әуеайлақтан екіншісіне Су-30СМ жойғыш эскадрильясын қайта топтастыру, топтық пилотаж жасау, шартты қарсыластың жердегі нысаналарына зымыран-бомба арқылы соққылар жасауды имитациялау және әуе ұрысын жүргізуді қамтитын оқу-жауынгерлік ұшуларды орындады.
Әскери-көлік авиациясының экипаждары Ан-72 ұшағында жаттығулар мен нормативтерді орындауға бөлінген межелі уақыт ішінде бірнеше әуеайлаққа жойғыштардың жеке құрамы мен арнайы жабдығын тасымалдау мәселелерін пысықтады.
Оқу-жаттығу ұшулары бұлтты ауа-райы жағдайында, күндізгі және түнгі уақытта өтті. Аспаптар арқылы кеңістікті бағдарлау әдісін қолданумен жас ұшқыштардың ұшулары күрделендірілді.
– Қазақстан Әскери-әуе күштерінің авиациялық паркі техниканың заманауи үлгілерімен ұдайы жаңартылып отырады. Ұшу экипаждарының ұшу сағаттары артып келеді. Зымыранмен, бомбамен соққы берудің жаңа тәсілдері пысықталып, жетілдірілуде. Күрделі ұшуларды орындау кезіндегі және әуе шайқасы барысындағы шеберлік шыңдалуда, - деп атап өтті 21751 әскери бөлімінің авиациялық эскадрилья командирі подполковник Арман Жақсыбаев.
Оқу-жаттығу ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Әр ұшуға алдын ала мұқият дайындалады. Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам, сондай-ақ қамтамасыз ету бөлімшелері тапсырмаларды орындауда және жуырда әскери оқу орындарын бітірген жас ұшқыштарды сапалы оқытуда шеберліктерін шыңдайды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Казахстан планирует закупить турецкие ударные дроны

Казахстан планирует закупить турецкие ударные дроны

БПЛА Wing Loong

БПЛА Wing Loong