Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінің жаңа бағыттары талқыланды

Қорғаныс министрлігінде әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтың жетекшілік етуімен алғаш рет материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдармен және бригада командирлерінің орынбасарларына дейін әскерлердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін (бұдан әрі – МТҚ) дамытудың негізгі бағыттары бойынша семинар өткізілді.

Қазіргі уақытта материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерді қамтамасыз етудің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Онсыз заманауи жағдайда Қазақстан армиясының күнделікті қызметі мен дайындығы мүмкін емес. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері әскери басқару органдары және өзге де мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялар және еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарымен тығыз өзара іс-қимылды ұймыдастырады, ресурстардағы қажеттілікті айқындайды, сондай-ақ тиімді қолдану мен материалдық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді. ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының арқасында Қазақстан армиясын қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жабдықтау мәселелеріне жіті назар аударылады. Семинар барысында ағымдағы жағдай, әскерлерді материалдық-техникалық  жабдықтаудың өзекті проблемалары талқыланды, тактикалық буынның МТҚ басқару жүйесін жетілдіру бойынша пилоттық жобаның апробациясы өтіп жатқан бөлімшелер қызметінің тиімділігін арттыру әдістері әзірленді, сондай-ақ әскери бөлім командирлерінің МТҚ жөніндегі орынбасарлары тыңдалды. Семинарда Қарулы Күштердің қызметін үнемдеуге, бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, оқ-дәрілерді, жағармай мен өзге де материалдық құралдарды ұтымды жұмсауға назар аударылды. Аталған мәнмәтінде қару-жарақ пен әскери техниканы жабдықтау мен жаңғырту жөніндегі іс-шараларды тиімді бақылауға, әскерлерді жаңа және жоғары технологиялық қару-жарақпен, заманауи барлау, байланыс және радиоэлектрондық күрес құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды. Сондай-ақ әскерлерді медициналық қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінді. Әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді басқарудың қолданыстағы жүйесі жаһандық цифрландыру жағдайында ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің нашар енгізілуін негізге ала отырып, заманауи талаптарға толық сай келмейтіндігі атап өтілді. Аталған проблеманы шеше отырып, өңірлік қағидат бойынша басқару органдарын, бөлімдер мен мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді кіріктірудің жоспарлы іске асырылуына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жоғары білікті офицерлерді, оның ішінде, МТҚ қызметтерінің кіші мамандарын дайындау мәселесі қаралды. 2017 жылдан бастап жұмыс жасап жатқан ҚР Тұңғыш Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерінің факультетіне оқу процесіне МТҚ-ның заманауи жүйесін дамыту әдістері мен жаңа көзқарастарды енгізу тапсырылды.   Семинар қорытындысын тұжырымдай отырып, Қорғаныс министрі әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырмалар жүктеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"