Мән-мағынасы мол мәдени шаралар

Үстіміздегі жылдың 17-тамызында Ақмол аулындағы орталық стадионда Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының құрылғанына 90 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара болып өтті.

Оның соңы спорттық ойындарға жалғасты, яғни волейбол, қол күрес, қазақша күрес секілді спорт түрлерінен жарыстар өтті. Оған 44813 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Стадионның жанында 20-ға жуық әсем безендірілген киіз үйлер тігіліп, қолөнер шеберлері жасаған қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары мен ұлттық бұйымдары жұртшылықтың назарына ұсынылды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен 44813 әскери бөлімінің сарбаздары дайындаған мерекелік концерт пен Астаналық аэроклуб парашютшілерінің мерекелік бағдарламасын тамашалаған аудан жұртшылығы мен қонақтары тамаша көңіл күйде болып, ризашылығын білдірді. 90 жылдық тарихы бар ауданымыз қазіргі күнде шарықтап дамып келе жатыр. Аудан орталығында үлкен футбол алаңы, "АЛЖИР" мемориалды кешенді мұражайы, Батырлар аллеясы, "Рухани жаңғыру" саябағы халыққа қызмет етіп тұр.

 

***

Ағымдағы жылдың 23 тамызында Астана қаласындағы Бас басқарманың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне бағынысты әскери бөлімдер арасында "Тіл-татулық тірегі" тақырыбында байқау-конкурс өткізілді.

Әкімшілік департаменті мен Құрлық әскерлерінен қазылар алқасы конкурсқа төрелік етті. Екі тапсырма нәтижесі бойынша 1-ші орынды 47762 әскери бөлімінің "Самғау" командасы жеңіп алды, 2-ші орынды 19132 әскери бөлімінің "Жеңіс" командасы иеленсе, 44813 әскери бөлімінің "Мәңгілік ел" командасы мен 29990 әскери бөлімінің "Достық"командасы үшінші орынға тең түсті. Бұл конкурс биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Байқауды ұйымдастырған майор Ақбота Капсаттароваға үлкен алғыс білдіруге болады.

Сержант Марат Ахетов


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"