Курсанттарға діни экстремизмнің алдын алу жөнінде дәріс оқылды

Жуырда идеологиялық жұмыстарды және арнайы насихаттауды ұйымдастыру жоспарына сәйкес радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік  институтының 1 курс курсанттарымен Алматы қалалық діни істер жөніндегі басқармасының сараптау және зерделеу орталығының бас  маманы А.Кумашев және Алматы қалалық М.Әуезов ауданы бойынша  діни істер жөніндегі басқармасының сараптау ақпаратының аға маманы Қ.Мәлікпен кездесу өткізілді.

Әңгіме барысында әскери ортада құрылымды бұзатын діни ұйымдардың және түбегейлі діни ағымдардың идеологиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы біраз әңгіме айтылды.  Ақтөбе, Алматы қалаларында болған экстремистік оқиғалар кезіндегі іс-қимылдар, оның мақсаты және тағы басқа көптеген сұрақтар бойынша курсанттарға біраз дәріздемелер айтылып, ой түйінделді. Мамандардың экстремизм мен терроризмнің идеяларын шынайы деструктивті ниеттерін, дәстүрлі емес  және  тыйым салынған діндердің мәні мен әскери қоғамға әлеуметтік қаупін түсіндіру мақсатында өткізілген кездесу курсантарға әжептеуір ой салғандай болды.

Тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері капитан Е.Мұстафаев жас курсанттар болашақ офицерлердің діни білімін жоғарылатудағы, сонымен қатар экстремистік мен террористік діни ұйымдардың әрекетін түсіндіруге және алдын алуға бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді.

Дегенмен,  радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік  институтының  курсанттары әскери техниканы меңгеруде, жауынгерлік құралдарды игеруде, сондай-ақ Отанымызды қорғауда қайсар мінезді қазақ елінің азаматтары ретінде болашақтары зор екендігі айқын көрінеді.

 

                                                                                                                                            Подполковник Д.Тлешбаев,

                                                                       Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік  институты


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"